«Қар, тұман, боран». Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 23 ақпанда Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар жауады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз және түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 23 ақпанда қар жауады, бұрқасын жүреді, түнде кей уақыттарда қалың қар түседі деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда 23 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Қонаевта 23 ақпанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Ақтөбеде 23 ақпанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Павлодар облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде қалың қар жауады, облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігіндегі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Павлодарда 23 ақпанда қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі, түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 23 ақпанда қар жауып, бұрқасын жүреді, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Абай облысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығындағы екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 23-28 м/с дейін жетіп, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса жоғары болады. Семейде 23 ақпанда қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 23 ақпанда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 23 ақпанда қар жауады, бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Түнде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда 23 ақпанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз облыстың шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және күндіз облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 23 ақпанда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қызылордада 23 ақпанда кей уақытта тұман болады деп күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың тау асуларында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте және Түркістанда 23 ақпанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Астанада 23 ақпанда кей уақыттарда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығыныда да тұман болады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер бүгін, 22 ақпанда Алматыда ауа сапасы нашарлайтынын болжап, қала тұрғындарына ескерту жасаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:24, 22 ақпан 2026
80 мыңнан астам әлеуметтік желіні пайдаланушылар жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
-
17:12, 22 ақпан 2026
Ақмола облысында етті құжатсыз заңсыз тасымалдау фактілері анықталды
-
16:01, 22 ақпан 2026
Басқа бірқатар елдермен салыстырғанда Қазақстанда сиыр еті әлдеқайда қымбат
-
15:16, 22 ақпан 2026
Алматы тауларында блок бекеттер қойылды
-
14:23, 22 ақпан 2026
Шымкентте жаңа тас жолдың бір бөлігі шөгіп, шұңқырға айналған





