Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 23 ақпанынла Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Президент Грузия еліміздің Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың уақыт тезінен өткен тарихи тамырластыққа құрылғанына тоқталды.
Гела Геладзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін сақтау бойынша грузиялық құқық қорғау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде мәлімет берді.
Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ озық тәжірибелер алмасу, маман даярлау бағыттарында өзара ықпалдастықты нығайтуға ниетті.
Кездесуде Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвили мен Премьер-министр Ираклий Кобахидзеге сәлемін жолдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 23 ақпан 2026
АҚШ құрамасы араға 46 жыл салып хоккейден Олимпиада «алтынын» жеңіп алды
-
13:03, 23 ақпан 2026
Ауыл шаруашылығы мамандарының стипендиясы тек 2028 жылдан кейін өсуі мүмкін
-
12:47, 23 ақпан 2026
2026 жылғы референдум: Алматыдағы дауыс беруге құқығы бар азаматтар саны аталды
-
12:34, 23 ақпан 2026
Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды
-
12:25, 23 ақпан 2026
Ресейде ер адам көршісіне тапаншамен оқ атқан





