Құрылыс алаңында мүгедек болып қалған студент: жұмыс беруші еңбек заңнамасын өрескел бұзған
© Фото: Zakon.kz
Семейде 20 жастағы жігіттің құрылыс алаңында қолынан айырылуына қатысты тексеріс аяқталды. Арнайы комиссия компанияның еңбек заңнамасын бұзғанын анықтады. Сондықтан оған 692 мың теңге айыппұл салған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегіне сүйенсек, Асылжан Қалелов демалыс уақытында ақша табамын деп, оң қолынан айырылған. Цемент араластыратын құрылғы студенттің бір қолын турап кетіп, саусақтарын бөліп тастаған.
Оқиғадан кейін еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрып, тексеріс бастағанын хабарлаған. Енді мамандар жеке кәсіпкердің еңбек заңнамасын бұзғанын анықтап отыр. Қазір олар айыппұл салып, тексеріс қортындысын құзырлы органға жолдады.
"Жеке кәсіпкер тарапынан еңбек шартын жасамаған. Жұмысшымен нұсқаулық, оқыту өткізбеген. Міндетті сақтандыру жасалмағаны бойынша жеке кәсіпкер тарапынан 160 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде айыппұл салынды. Тергеп-тексеру актісі процессуал шешім қабылдау үшін полиция бөліміне жолданды". Темірлан Әміртаев, Абай облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бас маманы:
Бұған дейін жазғанымызда, мүгедектікке қатысты 100-ден астам жалған құжат жасалғаны анықталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:10, 6 мамыр 2026
Президент Қарулы күштерді технологиялық тұрғыдан жаңғыртуды тапсырды
-
13:06, 6 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев майдангерлер ерлігіне ерекше тоқталды
-
13:03, 6 мамыр 2026
Мемлекет басшысы: армияны заман талабына сай нығайту – негізгі басымдық
-
13:00, 6 мамыр 2026
Президент: Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді
-
12:58, 6 мамыр 2026
Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі





