Құрылтай депутаты президенттің тапсырмасы туралы: Бұл – сән-салтанатқа емес, жоғары табысқа салынатын салық

14:58, 28 қазан 2026
MKZ: 1574797

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Құрылтай депутаты Никита Шаталов 2026 жылғы 28 қазанда Парламент кулуарында мемлекет басшысының ірі дәулет иелеріне жоғары салық мөлшерлемесін енгізуге қатысты тапсырмасына пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат Құрылтайда Салық кодексіне түзетулер жобасын күтіп отырғанын растады.

"Президент жұмыс тобында бірыңғай тәсілдерді әзірлеуді ұсынды. Салық кодексіне қатысты жоба бізге түскен кезде оны қараймыз. Біз оны күтіп отырмыз әрі оған белсенді дайындалып жатырмыз. Ұлттық экономика министрлігінің жобалық кеңсесі ұсыныс әзірлегенін білеміз. Бұл мәселе талқылау барысында қаралады. Меніңше, мұнда сән-салтанат салығынан гөрі аса жоғары табысқа салынатын салық туралы сөз болып отыр", – деді Никита Шаталов.

Депутат болжамды салық мөлшерлемесін нақты атаған жоқ.

"Мұның бәрі әлі талқыланады. Белгілі бір сомадан асқан табысқа салынатын салық мөлшерлемесі 5%-ға жоғары болуы мүмкін. Яғни 10% және 15% мөлшерлеме қолданылатын шекті сомалар бар. Мұны қарастыруға болады", – деп қосты ол.

Бұған дейін Үкімет пен Құрылтайға "сән-салтанат салығын" енгізу мәселесін зерделеп, ұсыныстар беру тапсырылғанын жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!