Кураштан Арайлым Шегенова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

17:20, 29 қыркүйек 2026
MKZ: 1569563

© Сурет: olympic.kz

Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында кураштан белдесулер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 87 келіден жоғары салмақтағы Арайлым Шегенова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Минйонг Кимнен белдесіп, 0:1 есебімен жол берді.

Айта кетейік, бұған дейін кураштан еліміздің атынан Әділет Ахметғали да қола жүлдеге иелік еткен еді.

Бұған дейін Жапониядағы Азия ойындарында Өзбекстанның тағы бір спортшысы допинг-тесттен өте алмағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!