Күніне 18,5 миллион доллар: Ұлттық Банк Ұлттық қордан сатылған валюта көлемін атады
© Фото: unsplash
2026 жылғы 2 ақпанда ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі валюта нарығы туралы ақпараттық хабарлама таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған дерекке сүйенсек, қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 501,24 теңгеге дейін 0,9%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 359 млн АҚШ долларынан 306 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,8 млрд АҚШ долларын құрады.
"Қаңтар айында Ұлттық қордан 350 млн АҚШ долларында валюта сатылды, бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 6%-ын құрады немесе ол – күніне 18,5 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшер. Күтілетін фискалдық түсімдерді ескергенде, Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша ақпан айында республикалық бюджетке трансферт бөлуге Ұлттық Банк Ұлттық қордан 350 млн АҚШ долларынан 450 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжайды",- делінген мәліметте.
Ұлттық банк мәліметінше, қаңтар айында айналау операциясы аясында 350 млрд теңге алынды. Ақпанның ішінде осы мақсатта 350 млрд теңге баламасында валюта сату күтіледі.
"Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ айналау тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді".ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі
Бұл ретте, Ұлттық Банк қаңтарда валюталық интервенциялар жүргізбегені атап өтілді.
"Өткен айдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінде валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында валюта түсімін сату көлемі шамамен 206 млн АҚШ долларын құрады. Осыған дейінгі жоспарға сәйкес, БЖЗҚ валюталық активтердің үлесі 40%-дан асатынын екенін ескергенде, Ұлттық Банк қаңтар айында зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмады. Ақпанда да валюта сатып алуға қатысты жоспар жоқ". ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметі
Белгілі болғандай, қысқамерзімді келешекте теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.
"Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы бағам белгілеу режимін ұстана береді",- деп қорытындылады ведомство.
Бұған дейін Олжас Бектеновтің жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тартуды тапсырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 2 ақпан 2026
Ақпан айында доллар бағамы қандай болады – сарапшылар пікірі
-
16:50, 2 ақпан 2026
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат
-
16:46, 2 ақпан 2026
Қазақстанда балалар арасында туберкулез бен қызылша аурулары жиілей түсті
-
16:40, 2 ақпан 2026
Тоқаев азаматтардың қолдауына сүйеніп әрекет етуде – Әзербайжандық сарапшы жаңа Конституция жобасы туралы
-
16:30, 2 ақпан 2026
2026 жылғы ақпан айынан бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады





