Қазақстанда қанша жаңа iPhone бұғатталуы мүмкін
© Сурет: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
2026 жылғы 24 қарашада Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков Қазақстанда қанша жаңа iPhone әлі де верификациядан өтпегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, iPhone 18 сатылымға шыққан қыркүйектің соңынан қазан айының аяғына дейін Қазақстанда ұялы байланыс желісіне 279 мың жаңа құрылғы қосылған. Олардың 85%-ы Қазақстанда сатып алынған және верификациядан сәтті өткен.
"Құрылғылардың 15%-ы, яғни 23 мыңы түрлі себеппен верификациядан өтпеген. Кейбір өтінімдерде алаяқтық пен кәсіпкерлік қызметтің айқын белгілері бар. Мәселен, бір IP-мекенжайдан мыңдаған телефонды верификациялауға өтінім берілген. Бұл іспен құзырлы органдар айналысып жатыр. Телефондарды бейресми делдалдар әкелген немесе шетелден жеткізген болуы мүмкін. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, бұл телефондарды пайдаланатын азаматтар құрылғыларын 30 күн ішінде верификациядан өткізе алады. Осы мерзімде тексеруден өтпеген құрылғылар "қара тізімге" енгізіліп, бұғатталады", – деді Дамир Сейсембеков.
Комитет төрағасы Қазақстанда тиісті заңнамалық түзетулер күшіне енгенін еске салды. Оған сәйкес, верификациядан өтпеген телефон сатып алған адам оны сатушыға кез келген уақытта қайтара алады. Ал сатушы тек верификациядан өткен телефондарды сатуға міндетті.
Бұған дейін, 2026 жылғы 22 қыркүйекте, "Әуежай – Астана" кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелудің 10 дерегінің жолын кескені хабарланған еді. Жалпы саны 223 iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods сымсыз құлаққабы анықталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 24 қараша 2026
Өсімдіктерді қорғау құралдарын импорттауға лицензия беру тәртібі өзгерді
-
15:07, 24 қараша 2026
Қазақстанда 4 желтоқсаннан бастап басым спорт түрлерін қаржыландыру тәртібі өзгереді
-
14:58, 24 қараша 2026
Бектенов интернет сапасын жақсартуды тапсырды: қазақстандықтар байланысқа әлі де шағымданады
-
14:50, 24 қараша 2026
Қазақстанда мобильді интернет қаншаға қымбаттауы мүмкін
-
14:43, 24 қараша 2026
Бектенов кибершабуыл мен апат қаупін ескеріп, байланыс желілерінің осал тұстарын алдын ала анықтауды тапсырды





