Жоғарғы соттың деректері даркнетте сатылып жатыр деген ақпарат тексеріліп жатыр – Мәдиев
© Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 24 қарашада Үкіметтегі брифингте Жоғарғы сот деректерінің таралуы мүмкін екені туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін БАҚ өкілдері даркнетте Қазақстан Жоғарғы сотының деректері болуы мүмкін база сатылымға шығарылғаны туралы хабарландыру пайда болғанын мәлімдеді. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, онда қазақстандықтардың деректері бар 500 миллионнан астам жазба болуы мүмкін. Журналистер министрден осы жағдайға қатысты қандай мәлімет анықталғанын сұрады.
"Жалпы, даркнетте ара-тұра түрлі хабарландырулар пайда болып жатады. Онда біреулер қазақстандықтардың, соның ішінде жеке деректердің иесі екенін мәлімдейді. Алайда тексеру барысында мұндай ақпараттардың ішінде көбіне қажетсіз деректер, түрлі фотосуреттер, тіпті қазақстандықтарға қатысы жоқ суреттер мен басқа да файлдар болатыны анықталады. Нақты осы жағдай бойынша қазір тексеру тағайындалды, ол жүргізіліп жатыр", – деп жауап берді Мәдиев.
Оның айтуынша, тексеруді Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізіп жатыр.
"Бұл ақпараттың мазмұны тиісті деңгейде тексеріледі. Заңбұзушылық анықталған жағдайда лауазымды тұлғаларға тиісті айыппұлдар, соның ішінде әкімшілік айыппұлдар салынады. Мұндай тәжірибе бар. Бұған дейін ұйымның бірінші басшысы да, мекеменің өзі де жауапқа тартылған жағдайлар болған", – деп жалғастырды ол.
Журналистер министрден жеке деректердің таралуына қатысты тергеуі аяқталып, тиісті шешім қабылданған нақты жағдайды атауды сұрады.
"Азаматтардың шағымы бойынша медициналық ұйымдардың бірінде деректер таралғаны, тіпті 4 миллион қазақстандықтың мәліметі сыртқа шыққаны туралы ақпарат болған жағдайлар кездесті. Тексеру нәтижесінде 4 миллион адамның дерегі таралғаны расталмады. Алайда ақпараттық қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Деректердің таралуы расталмаса да, талаптар бұзылғандықтан, айыппұл салдық. Қателеспесем, бұл DamuMed медициналық платформасына қатысты жағдай", – деді Мәдиев.
Бұған дейін Жаслан Мәдиев телефон алаяқтығымен күресудің жаңа шаралары туралы айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:33, 24 қараша 2026
Қазақстанда тағы 20 ұшақ пен 50 туристік орынды интернетке қосу жоспарланып отыр
-
15:24, 24 қараша 2026
Өсімдіктерді қорғау құралдарын импорттауға лицензия беру тәртібі өзгерді
-
15:14, 24 қараша 2026
Қазақстанда қанша жаңа iPhone бұғатталуы мүмкін
-
15:07, 24 қараша 2026
Қазақстанда 4 желтоқсаннан бастап басым спорт түрлерін қаржыландыру тәртібі өзгереді
-
14:58, 24 қараша 2026
Бектенов интернет сапасын жақсартуды тапсырды: қазақстандықтар байланысқа әлі де шағымданады





