Трамп өз инаугурациясы кезінде не айтты: Марстағы жалау, екі жынысты мойындау, соғыстарды тоқтату
© Сурет: CNP/MediaPunch/Global Look Press
20 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде өз қызметіне кірісті. Ол инаугурация кезінде не айтты? Мұны Zakon.kz-да жарияланған материалдан біле аласыздар.
- Дональд Трамп өзінің инаугурациялық сөзінде бұрынғы әкімшілікті ел ішіндегі қарапайым дағдарысты шеше алмағаны үшін сынға алды. Трамп өз әкімшілігінің негізгі басымдықтарының бірі иммиграциялық саясат болатынын атап өтті. Оның айтуынша, үкімет қауіпті қылмыскерлерге баспана бере отырып, соларға қорған болуда заңға бағынатын азаматтарды қорғамайды. "Біздің үкімет басқа елдердің шекараларын қорғауға үлкен қаражат бөледі, бірақ өз шекараларын және одан да маңызды өз халқының қауіпсіздігін қорғау жайын елей бермейді", – деді АҚШ-тың жаңа президенті.
- Ол бүгінгі күнді "Азаттық күні" деп атады. "Біздің соңғы президенттік сайлауымыз еліміздің тарихындағы ең үлкен және ең маңызды сайлау ретінде есте қалады деп үміттенемін", – деді ол.
- Сондай-ақ, Трамп бағаны төмендету мақсатында "энергетика саласында төтенше жағдай енгізілгенін" жариялады. Бұл қадам оның негізгі сайлау уәделерінің бірін жүзеге асыруға бағытталады. "Біз бұрқыратамыз, балақай, бұрқыратамыз", – деді Трамп өзінің инаугурациясында.
- Бұған дейін БАҚ Трамп қызметке кіріскеннен кейін алғашқы жарлығымен тек екі жынысты – еркек пен әйелдердің бар екенін мойындауға ниетті екенін жазған. Инаугурация кезінде ол мұны растады: "Бізде тек екі жыныс бар: еркек пен әйелдер", – деді Трамп.
- Сонымен бірге жаңадан сайланған президент "Марста АҚШ жалауын орнатқысы келетінін" айтты.
- Сондай-ақ ол сөз бостандығын штаттарға қайтару үшін үкіметтің барлық цензурасын дереу жою туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
- Трамп есірткі картельдерін террористік ұйымдар деп жариялауды жоспарлап отыр.
- Трамп Мексика каналын Америка каналы деп өзгертетінін айтты.
- Сондай-ақ ол бітімгер болғанын мақтан тұтатынын айтты. "Жұртты біріктіретін болғанымды мақтан тұтамын. Мен сондай болғым келеді", — деді АҚШ президенті.
- Дональд Трамп Панама каналын беру "ақымақтық" деп атады және Панаманы Америка Құрама Штаттарының міндеттемелерін бұзды деп айыптады. "Мәміленің мақсаты мен шарттың рухы толығымен бұзылды. Америкалық кемелердің тарифтері асыра бағаланады және оларға, соның ішінде біздің әскери-теңіз күштерімізге қатысты қолданылатын әділетсіздіктер бар. Қазір Қытай Панама каналын басқарады, дегенмен біз оны Қытайға емес, Панамаға берген едік қой. Біз оны қайтарып аламыз", — деді Трамп.
- Сондай-ақ ол АҚШ қазір әлемде болып жатқан соғыстарды тоқтатуға құлықты екенін мәлімдеді. "Ең бастысы — соғысқа қатыспау", - деді ол.
Трамптың инаугурацияда президенттің міндеттерін адал орындауға және АҚШ Конституциясын қорғауға қалай ант бергенін мына жерден көруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:01, 21 қаңтар 2025
Тоқаев Трампты АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
-
22:40, 20 қаңтар 2025
Оралда түнгі клубтағы қанды төбелеске қатысты деген екі күдікті ұсталды
-
22:31, 20 қаңтар 2025
Дональд Трамп АҚШ-тың президенті ретінде өз қызметіне кірісті
-
21:53, 20 қаңтар 2025
Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылды
-
21:35, 20 қаңтар 2025
«Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады»: Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды