Алматыда полиция тағы бір тонаудың бетін ашты
© Фото: Zakon.kz
Бұл жолы екі адам ұсталды. Олар кешке қарай Мыңбаев көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде жергілікті тұрғынды күтіп тұрып, күш көрсетем деп қорқытып, оның телефонын тартып алған.
"Бұл қылмысты біздің бөлімше мен Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері "ізін суытпай" ашты. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды. Олардың бірі бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты болған. Айтпақшы, бұл жолы да бейнебақылау камералары қылмысты ашуда жақсы рөл атқарды. Адамды тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілуде", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:21, 20 қаңтар 2025
Қазақстанда мемлекеттік монополия субъектілерінің тізілімі кеңейтілді
-
15:10, 20 қаңтар 2025
Аурухана парағын беру электрондық форматқа ауыстырылуы мүмкін
-
14:57, 20 қаңтар 2025
Астанада туыстарын пышақтап тастады: аман қалғандардың жағдайы туралы не белгілі
-
14:45, 20 қаңтар 2025
ШҚО-да полицейлер есірткі жарнамасы бар 100-ден астам граффитиді жойды
-
14:33, 20 қаңтар 2025
Елімізде жылу энергетикасының жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі бекітілді