Құлсарыда жансақтау бөлімінде жатқан үш науқас Бейнеу аудандық ауруханасына эвакуацияланды
© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жылыой ауданында су басу қаупіне байланысты халықты эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz ТЖ бойынша Атырау облысының жедел штабына сілтеме жасай отырып.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жылыой ауданының орталық ауруханасындағы науқастар Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық ауруханасына толықтай эвакуацияланды. Атап айтқанда, 39 науқас және олардың жанындағы 8 қамқоршысы. Эвакуацияланғандардың ішінде 2 жүкті әйел, 8 босанған әйел және 13 бала (төртеуі жаңа туған сәби) бар.
"Су алған аймақтан жансақтау бөлімінде жатқан үш, хирургия бөлімінен жеті, терапия бөлімінен алты науқасты эвакуациялау мүмкін болды. Бейнеу аудандық ауруханасында 300 төсек орын жасақталды. Қашықтығы 225 шақырымды құрайтын Бейнеуге дейін науқастарды 14 реанимациялық көлік және 1 Икарус автобусы жеткізді. 8 дәрігер (2 реаниматолог, 2 хирург, 2 терапевт, 2 гинеколог), 20 медицина қызметкерлері жұмылдырылды", - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.
Сонымен қатар науқастармен бірге емдеуші дәрігерлер де ілесіп барады. Олар дәрі-дәрмектің барлық түрімен қамтылды. Қызметкерлер Бейнеу аудандық ауруханасына бара отырып, емдеу-сауықтыру жұмыстарына көмектеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





