ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы НАТО отырысына қатысты – фейк
© Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстанның Қарулы күштері Бас штабының бастығы Брюссельде өткен НАТО әскери комитетінің отырысына қатысқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратты таратушы автор пікірінше, бұл Астана геосаяси бағытын батысқа қарай өзгертуді жоспарлап отырған-мыс.
Бұл ақпаратқа қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Stopfake.kz сайтына түсініктеме беріп, оның фейк екенін жеткізді.
"ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының Брюссельде өткен НАТО әскери комитетінің отырысына қатысқаны туралы БАҚ және Telegram-арналарда таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы бұл іс-шараға қатысқан жоқ. Осыған байланысты азаматтардан таратылған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Министрлік қолданыстағы заңнамада көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын да еске салады.
Бұған дейін параны "эскиздер" деп атаған Қорғаныс министрлігінің шенеунігі 4 жылға сотталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:46, 22 қаңтар 2025
Мүгедек адамның атындағы алаяқтық жолмен тіркелген автонесие 10 жылдан кейін кешірілді
-
19:33, 22 қаңтар 2025
Қостанай облысында шетелдік азаматтың жалған құжатты пайдалану дерегі анықталды
-
19:25, 22 қаңтар 2025
Абай облысында қатты боран соғып, жолаушылар автобусы аударылды
-
18:53, 22 қаңтар 2025
Алматы облысында газсыз қалған 3 мың үйді қайта қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
-
18:44, 22 қаңтар 2025
Adebiportal.kz қоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты аудиокітабымен толықты