ҚР ІІМ полициясының жаңа формасы
© Сурет: polisia.kz
Қазақстанның ішкі істер министрлігі полицейлер үшін әзірленген жаңа үлгідегі форманы көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz мәліметі бойыннша, форманы әзірлеу кезінде полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы киім жасауға баса назар аударылды, əр түрлі климаттық жағдайда қызмет атқаратын қызметкерлердің тілектері ескерілді, сондай-ақ, әлемдік тәжірибе зерттелді.

Қызмет атқарудың ерекшелігі мен жағдайларын ескере отырып, жаңа үлгідегі форма дизайны мен құрылымына қарай патрульдік полиция қызметкерлеріне, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналған киім болып топтастырылған.

Мемлекет басшысының учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі мен танымалдығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде олар үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді.
Полиция басқармалары аппараттарының әйел – қызметкерлеріне арналған киім жазғы кезеңде киюге арналған көйлекпен толықтырылған.
Қызметтердің барлық санаттары үшін “POLISIA” жарық шағылыстырғыш жазуы бар жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілері жасалды.
Қызметкерлердің аяқ киімі алғаш рет өзгертілді. Кроссовкалар түрінде ұсынылған тактикалық аяқ киім аяққа ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды.
Қалалар мен облыстардың эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді. Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске ауыстырылды.
Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды.
Жарық шағылыстырғыш элементтерге ерекше назар аударылды.
Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Оған ауысу ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





