ҚР Бас прокуратурасы Киевте журналист Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеуді бастады

14:20, 21 маусым 2024

© Сурет: gov.kz

Бүгін, 21 маусымда Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Бас прокуратура Айдос Садықовты өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органының хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру тобы құрылып, қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.


"Кеше Қазақстанның Бас Прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды.

Бұған дейін Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтау бойынша жедел шаралар жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Мемлекет басшысы күдіктілердің тұрған жерін анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!