Қостанайлық студент көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды
© Сурет: pexels
14 мамырда сағат 17:10 шамасында Қостанай теміржол станциясында қайғылы жағдай бола жаздады. Абырой болғанда, полицей мен студент азаматты аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Перрон аумағында кезекшілік атқарып жүрген Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің патрульдік қызметкері Арсен Әбілмажинов жаяу жүргіншілер көпірінде ер адамның күмән тудыратын әрекетіне назар аударды. Оның көпір қоршауынан асып, өмірімен қоштасуға оқталғаны байқалды. Мұны байқаған тәртіп сақшысы көпірге қарай жүгірді.

Сурет: polisia.kz
Сол сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан 18 жастағы Аян Карбаев есімді студент те жағдайды байқады. Полицейдің: "Ұста оны!" деген айғайын ести сала, жас жігіт өз қауіпсіздігін елеместен, батыл қимылмен әлгі азаматты қолынан шап беріп ұстап қалды.
Азамат қатты қарсыласқанына қарамастан, оқиға орнына дереу жеткен полицей бар күшін салып, көпірдің қоршауынан асып тұрған ер адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Қатты күйзелісте болған азаматты сабырға шақырған соң, Арсен Әбілмажинов бұл туралы бірден кезекші бөлімге хабар берді.
Жедел түрде жеткен тергеу тобы мен Қостанай станциясының желілік полиция бөлімінің басшылығы жағдайдың мән-жайын анықтады. Тексеру нәтижесінде 29 жастағы қала тұрғынының ауыр психологиялық жағдайда болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда оған тиісті психологиялық көмек көрсетілуде, әрі оқиғаның барлық аспектілері жіті тексеріліп жатыр.
Бұған дейін Павлодарда ағайынды жігіттердің төбелесі бірінің өліміне әкеліп соқтырғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





