Қостанайдағы қарақшылық шабуыл: Дәрігерді ерегескен танысы тонаған болып шықты

© Сурет: polisia.kz
Қостанайда полиция дәрігерге жасалған қарақшылық шабуыл бойынша қылмыстың бетін ашты. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаменті баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция мәліметінше, күдіктілердің бірі Қостанай тұрғынымен қылмысқа дейін таныс болған. Осыдан кейін олардың арасында жанжал болып, содан кейін күдікті өзге таныстарын одан кек алуға шақырған. Ол және оның екі серіктесі жәбірленушінің пәтерінде болып, оны ұрып-соғып, ойыншық тапаншамен, пышақпен қорқытқан. Осылайша күштеу арқылы олар жапа шегушіні ақшалай несие алуға мәжбүрлеген. Бұдан бөлек, телефон мен ақшаны қолды қылған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрайды.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанайда полицейлер екі күдіктіні анықтап, ұстады, үшінші күдікті Астанада тұтқындалды. Қызметкерлер тапаншаны, телефонды және жәбірленушіге тиесілі ақшаны тәркіледі. Күдіктілердің үшеуі де тергеу изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.
Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған қарақшылық үшін олардың мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылатыны да нақтыланады.
Бұған дейін Астанада вокзалға үш жасар баласын тастап кеткен әйелге қатысты тың мәлімет жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 18 ақпан 2025
Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді
-
22:10, 18 ақпан 2025
Астанада 15-қабаттан құлаған жасөспірім қыздың жағдайы ауыр
-
21:53, 18 ақпан 2025
Жамбыл облысында тойға дайындалған қазы-қарта мен тойбастарды ұрлап кеткен
-
21:43, 18 ақпан 2025
Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды
-
21:38, 18 ақпан 2025
Маңғыстау теміржол станциясында ауыр қылмыс жасаған Қазақстан азаматы ұсталды