Қостанайда үй жануарларына құтыруға қарсы тегін екпе салынады

09:31, 14 сәуір 2026

© Фото: pxhere

Қостанайда үй жануарларын құтыру ауруына қарсы тегін вакцинациялау шарасы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Наша газета" басылымының мәліметінше, облыс орталығында алғаш рет үй жануарларын құтыруға қарсы егу және чиптеу акциясы ұйымдастырылып отыр. Қостанай-2 шағын ауданының тұрғындары иттері мен мысықтарын әкеліп, екпе жасата алады.

Іс-шараны қалалық әкімдік ветеринарлық қызметпен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Акция 18 сәуір күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін №122 мектеп маңында өтеді.

"Жасыл дәліз" акциясының мақсаты – құтыру ауруының алдын алу және үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін арттыру. Арнайы шатырлар орнатылып, онда ветеринарлық клиникалардың дәрігерлері иттерді чиптеумен айналысады. Әр шатыр компьютерлік техникамен жабдықталып, мәліметтер "Танба" базасына жедел енгізіледі. Ветеринарлық клиникалардың ақпаратына сәйкес, бір чиптің құны 2000 теңгені құрайды", – деді кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Мира Казкеева.

Сондай-ақ, осы жерде үй жануарларына құтыруға қарсы екпе тегін салынады. Бұл қызметті қаладағы ветеринарлық станция тұрғындарға ақысыз көрсетеді.

Бұл жолы акцияға Қостанай-2 шағын ауданының тұрғындары шақырылғанымен, мұндай шаралар алдағы уақытта қаланың басқа аудандарында да өткізілетіні айтылды.

Айта кетейік, 2026 жылғы 8 сәуірде өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Қазақстанда тіркелген иттер мен мысықтардың саны туралы мәлімет ұсынған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!