Теңгенің нығаюына байланысты Қазақстан бюджеті 146 млрд теңгеден астам кірістен айырылды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2026 жылғы 14 сәуірде Үкімет отырысында мұнай секторынан түсетін бюджет кірістері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты әлемдік мұнай нарығында құбылмалылық артқанын атап өтті. Бірінші тоқсанда мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 80,6 АҚШ долларын құрады.
"Қолданыстағы бюджет құрылымына сәйкес мұнай бағасының өсуінен түсетін қосымша табыс негізінен Ұлттық қорға түседі, себебі мұнай кірістерінің басым бөлігі заңнамаға сәйкес сол қорға бағытталады. Республикалық бюджет үшін тікелей оң әсер негізінен мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж есебінен көрініс тапты, бұл бағытта қосымша 40,5 млрд теңге қамтамасыз етілді. Алайда теңгенің нығаюы республикалық бюджет кірістеріне кері әсер етті", – деді Мәди Тәкиев.
Министрдің айтуынша, есепті кезеңдегі орташа айырбас бағамы 497,7 теңге болса, ал болжамды көрсеткіш 540 теңге болған. Осы айырмашылықтың салдарынан бюджетке шамамен 146 млрд теңге көлемінде кіріс түспеген.
"Осылайша, сыртқы баға конъюнктурасы, соның ішінде валюта бағамының өзгеруі республикалық бюджет кірістерін шектейтін негізгі факторға айналды", – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Мәди Тәкиев бизнес қарыздарының мемлекетке өтелуі туралы да ақпарат берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:53, 14 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
-
14:41, 14 сәуір 2026
Қазақстандық тағы жеті блогердің есептері тексерілуде – Қаржы министрлігі
-
14:29, 14 сәуір 2026
Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр – министрлік дерегі
-
14:14, 14 сәуір 2026
Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі негізсіз шығындар қысқартылады: қор қалай реформаланады
-
14:00, 14 сәуір 2026
Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда бекітілді





