Қостанайда бір келіден астам мефедрон сақтаған күдікті ұсталды

© Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сақтаған 35 жастағы ер адамды ұстады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына, жеке көлігіне және оған тиесілі саяжай учаскесіне тінту жүргізіліп, нәтижесінде бір келіден астам мефедрон тәркіленді.
Жалпы саны екі мыңға жуық бір реттік доза құрайтын бұл заттарды күдікті кейін сату мақсатында сақтағаны анықталды.
Сараптама тәркіленген заттың мефедрон есірткісі екенін және оның жалпы салмағы бір килограмнан асатынын растады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері есірткінің осындай ірі көлемде жеткізілу арнасын анықтауға бағытталған жедел іс-шараларды жалғастыруда.
Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымнан 76,3 килограмм есірткі тәркіленсе, оның 2,2 килограмын синтетикалық заттар құрап отыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Атап айтқанда есірткіні сақтау, өндіру немесе өткізу деректері үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:53, 22 маусым 2025
Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысы өтеді
-
17:51, 22 маусым 2025
Астана, Алматы, Шымкент: 23-25 маусымға арналған ауа райы болжамы
-
17:27, 22 маусым 2025
Таразда алапат өрт болды
-
17:18, 22 маусым 2025
Алматыдан Лондонға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Атырауға шұғыл қонды
-
16:47, 22 маусым 2025
Астана маңында ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды