Трамп АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығармақшы

11:57, 22 қаңтар 2025

© Сурет: Instagram/realdonaldtrump

Ресми түрде қызметіне кіріскен Дональд Трамп АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуына байланысты атқарушы актіге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS мәліметтері бойынша, ғалымдар мен денсаулық сақтау қызметкерлері бұл қадам ЖИТС, безгек және туберкулез сияқты аурулармен күресуде ондаған жылдар бойы қол жеткізген жетістіктерді жоққа шығаруы мүмкін деп алаңдаулы.

ДДСҰ 2020 жылы COVID-19 пандемиясымен күрес кезінде Трамптың тарапынан қатты сынға ұшыраған болатын.

Ақ үйдің мәлімдемесінде АҚШ "пандемия кезіндегі қауқарсыз әрекетке және ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің орынсыз саяси ықпалынан тәуелсіздігін көрсете алмауына байланысты" ұйымнан шығады деп көрсетілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы АҚШ үкіметін ұйымнан шығу туралы шешімін қайта қарауға шақырды, олар бірге "сансыз адамдардың өмірін сақтап, американдықтар мен барлық адамдарды қауіп-қатерден қорғадық" деп мәлімдеді.

ДДҰ сонымен қатар соңғы жылдары "өз тарихындағы ең үлкен реформалар пакетін" жүзеге асырғанын атап өтті.

АҚШ ұйымнан шықса, қаржыландыруын да тоқтатады (АҚШ оның ең үлкен салымшысы болып табылады).

Бұған дейін Трамптың алғашқы жарлықтарының бірі оның атына сот ісін қозғағандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!