Дауылды ескерту: ТЖД қолайсыз ауа райы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды

12:31, 22 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының күрт құбылуына байланысты тұрғындарға ескерту жасады. 2025 жылғы 22 қаңтарда қалада қалың қар мен тұман артынша көктайғақ күтілуде. Мамандар осыған байланысты қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да бекітілмеген құрылымдардың астына автокөліктерді қоймауға кеңес берді.

Сондай-ақ, автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырды.

Бұл ретте, жаяу жүргіншілерге келесі кеңестер ұсынылды:

  • көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
  • жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;
  • аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
  • қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
  • есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары,дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі – адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылады.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда ақтүтек боран соғып тұрғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!