Қостанай облысының Қарабалық кентінде латынша жазылған көне дәптер табылды

23:02, 20 қыркүйек 2017

Қостанай облысының Қарабалық кентіндегі бір үйден көне дәптер табылды. Өткен ғасырдың 40 жылдарындағы оқушы дәптерінің бүктеулі 4-5 парағы әбден есіргенімен, жазулары анық көрінеді.

Жұртты қызықтырғаны – ондағы қазақша сөздердің латын әрпімен, ал орысша аудармасы кириллицамен жазылғандығы. Қағаздарға бастапқыда мән бере қоймаған екен.

Жағыпар Бекболатов, Қарабалық кентінің тұрғыны:

-Қоқыспен далаға шығардық қой. Шығарғанда жаңағы дәптерді қолға алып, ашып қарағанда күндері болды 43-ші жыл. Ағылшын тілінда жазылған ба деп ойлап қалдық. Сосын жақсылап қарағанда латын әрпімен жазылған қазақ сөздері екендігін түсіндік.

Жергілікті музей қызметкерлері: «Осы дәптерге қарап, кезінде латыннан кириллицияға ауысу біртіндеп жүргізілгендігін білуге болады», – дейді.  

Әлия Сәрсенбаева, Қарабалық аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

-Тарихтан мәлім 20 ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда латын әліпбиі енгізілген. Ал 1940 жылы кириллициға көштік. Алайда мынау дәптер одан кейінгі жылдары да қазақ тілінде латын әрпі қолданыста болғандығын дәлелдейді. Сонысымен құнды. 

Жағыпардың үйі жүз жыл бұрын салынған. Бұрын осында тұрған отбасының аталары ауыл мұғалімі болыпты. Көне дәптер солардан қалған мұра болуы әбден мүмкін. 

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!