Қостанай облысында төрт пәтерлі үй түгі қалмай өртеніп кетті

18:37, 6 мамыр 2024

© Сурет: pixabay

6 маусымда Қостанай облысында алапат өрт болды, төрт пәтерлі үй түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Ұзынкөл ауданында болған.

"Төрт пәтерлі жеке тұрғын үй өртеніп, қызыл жалын жалпы 120 шаршы метр ауданды шарпыды. Өрт сағат 14-40-та жойылды", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.


Айта кетсек, 2024 жылы 4 мамырда Астанада дөнерхана өртеніп, жарылыс болды. Салдарынан бір әйел зардап шекті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!