Қостанай облысында полиция қауіпті мас жүргізушіні ұстады
© Сурет: ҚР ІІМ
Сарыкөл ауданында 36 жастағы тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылып, патрульдік полицияның "тоқта" деген талабын елемей, ізін суытпақ болды. Жүргізушінің алдыңғы дөңгелегі жарылғанына қарамастан, ол өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, қашуын жалғастырды.
Полицейлер мұндай өрескел жол қозғалысы ережелерін бұзуды тоқтатып, құрбандар мен ауыр зардаптарға жол бермеді. Соған қарамастан, ұсталған кезде құқық бұзушы соқтығысу арқылы өзінің көлігіне және полиция қызметкерлерінің қызметтік көлігіне зақым келтірді.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шықты. Мас күйінде көлік жүргізу фактісі бойынша полиция оны көлік басқару құқығынан айырып, қылмыстық іс қозғады.
Бұл үшін оған 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр. Сонымен қатар полицияның көлікті тоқтату туралы заңды талаптарын елемегені үшін сот оған 15 тәулік қамауға алуды тағайындады.
Ер адам арнайы қабылдау орнына орналастырылды. Көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1100-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізуші куәлігінен айырылған тағы 66 мас жүргізуші қылмыстық жазаға тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:17, 10 қазан 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік рейтингіде 11-орынға көтерілді
-
18:55, 10 қазан 2024
Алматыда жоғалып кеткен Lenovo директоры өлі табылды
-
18:34, 10 қазан 2024
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифингіде не айтты
-
18:31, 10 қазан 2024
СҚО-дан есірткі алып келген таратушылар Ақмола облысында ұсталды
-
18:19, 10 қазан 2024
Ақтауда есірткі қылмысына қатысы бар екі тұрғын 10 жылға сотталды