Ағаштар заңсыз кесілді: Алмалыбақ тұрғындары тоғайда басталған құрылысқа наразы
© Фото: пресс-служба акимата Алматы
Алматы облысындағы Алмалыбақ тұрғындары тоғайда басталған құрылысқа қарсы. Ауылдағы ағайын республикалық маңызы бар тас жол маңындағы алқаптың қоршалып, ағаштардың кесіліп жатқанына наразылық білдірді.
Алмалыбақтағы бұл тоғай алқабы жылдар бойы ауылдың тыныс-тіршілігінің маңызды бөлігі болған. Жайқалған ағаштар елдімекеннің басты ерекшелігіне айналған. Алайда жекенің меншігіне өтіп "құрылыстың басталуы көркем көріністі жойуы мүмкін" деп алаң болған тұрғындар наразылық танытты, деп жазады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Тоғайдағы ағаштарды кесуге тыйым салынған. Бірақ олар табиғатты құртып жатыр. Көңіл аударып жатқан ешкім жоқ. Естуімізше, асхана салады. Экологиялық тұрғыдан дұрыс емес", – деді Алмалыбақ ауылының тұрғыны Серік Ақынов.
Алмалыбақ ауылының тұрғындары мына 2008 жылы жекенің меншігіне өтіп кеткен нысанның ашылуына түбегейлі қарсы. Себебі құрылыс басталғалы жасыл желек жойылып, ағаштар заңсыз кесіліп жатыр. Сондай-ақ аймақта қоқыс қаптап кеткен. Халық бұл жерге саябақ немесе ойын алаңын салуды ұсынып отыр.
"27 жыл болды, жылда уәде береді. Үнемі қоқыс толып жатады. Қаңғыбастардың орнығып алған. Заңсыз құрылыс та белең алып жатыр. Ағаштарды заңсыз кесіп жатыр", – деді Алмалыбақ ауылының тұрғыны Майгүл Шынасылқызы.
Тұрғындар жергілікті биліктен тек құрылысқа қатысты құжаттарды тексеруді ғана емес, аймақтың экологиялық маңыздылығын ескеруді сұрайды. "Құрылыс салынып жатқан жер мен ауылдағы қоқыс қалдықтың дұрыс төгілуін ешкім қадағаламайды" деген жұрт ауыл ішін жағымсыз иіс басып жатқанын айтып шағымданды.
"Ауылдың бас жоспарына сәйкес, бұл жер "ҚазАвтоЖолдың" кеңейтетін жолына жатады. Яғни Алматы-Бішкек тас жолының екі жағынан да 35 м қашықтықта ешқандай құрылыс болмауы керек. Ал бұл жер телімі 2008 жылы жекеге өтіп кеткен. Ол адам қандай да бір өзгерістер жасап, құрылыс бастауы үшін бізден келіп рұқсат алуы тиіс. Ал бізге ешкім хабарласқан жоқ", – деді Қарасай ауданы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерлан Сұлтанов
Әкімдік өкілдерінің сөзінше, аумақ қызыл сызықта болғандықтан, меншік иесіне асхана салуға рұқсат берілмейді. Алдағы уақытта бұл жерд мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті