Астанада сырт киім сататын дүкеннен қымбат күртеше ұрлаған күдіктілер ұсталды: видео

20:02, 12 ақпан 2026

© Сурет: polisia.kz

Астанада сырт киім сататын дүкеннен қымбат күртеше ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, Астанада сырт киім сататын киім дүкендерінің бірінде үш ер адам өздерін сатып алушы ретінде таныстырып, сауда залына кірген.

Алдын ала ойластырылған жоспар бойынша олар сатушының назарын басқа жаққа аударып, сол сәтті пайдаланған ер адамдардың бірі қымбат күртешені үстіндегі киімінің астына жасырып алған. Осыдан кейін үш ер адам дүкеннен шығып кеткен.


"Тауардың жоғалғанын байқаған дүкен иелері дереу полицияға хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы күдіктілер анықталып, ұсталды", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып жасаған ұрлық үшін жауапкершілікке тартылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!