Қостанай облысында 31 адамды кене шаққан

09:52, 14 сәуір 2026

© Фото: akorda.kz

Қостанай облысында соңғы екі аптада 31 адамды кене шаққан. Оның сегізі – балалар. Дені облыс орталығы мен Рудный қаласының тұрғындары.

Мамандардың айтуынша, биылғы көктем жылы болған соң, қансорғыштардан да қауіп ерте басталған. Ал медициналық көмекке жүгінгендердің арасында қауіпті дерт жұқтырғандар жоқ.

Алайда мамандар қазір жабық киініп, бас киіммен жүруге кеңес береді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал табиғат аясына шыққанда әрбір екі сағат сайын денені тексеріп отырған абзал.

Кене шаққан жағдайда бірден жақын жердегі емханаға жүгіну керек.

"Жеңі, балағы ұзын, ашық түсті киім киген жөн. Матасы қалың болғаны дұрыс. Қостанай облысы эндемикалық өңірге жатпайды. Санитариялық-эпидемиялық бақылау қызметі жыл сайын кенедегі вирус циркуляциясына мониторинг жүргізеді. Биыл 2 мыңға жуық кене жиналып, зерттеледі деп жоспарланып отыр." Гүлім Досымова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!