Көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасын ойсырата жеңді

15:44, 9 қыркүйек 2024

© Сурет: wikimedia

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы (дәстүрлі ат ойыны) Өзбекстан құрамасын жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есеп 16:0 болды. Бұл туралы 9 қыркүйекте Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алғашқы ойында Өзбекстан құрамасымен кездесіп, жарысты жеңіспен бастадық. Аттарымызды тактикалық ойынға, алаңға үйреттік. Десе де бірінші ойын оңай болған жоқ. Финалға шығамыз деген ойдамыз. Еліміздің көк туын желбіретуге дайынбыз",- деді көкпардан ұлттық құрама капитаны Құрманбек Тұрғанбек.

"Қазанат" ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты 2024 жылдың 8 қыркүйегінде Астанада өтті. Ойындар 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Іс-шараға 89 елдің спортшылары қатысады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!