«Қосалқы станцияға» шыққан қазақстандық оқушы тоқ соғып қаза тапты
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Орал маңындағы Круглоозерное ауылында 10 жастағы бала электр қосалқы станциясының аумағында тоқ соғып, қаза тапты. Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 2026 жылғы 1 қыркүйек күні кешке болған. 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала электр қосалқы станциясына шығып, электр тогынан зардап шеккен.
"Салдарынан ол жерге құлап, есін жимастан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бесінші сынып оқушысы жер қойнына тапсырылды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қосалқы станциядағы кернеу 10 мың вольт болған. Нысан қоршалмаған және есіктері құлыпталмаған, яғни оған еркін кіруге мүмкіндік болған.
Куәгерлердің айтуынша, қатты ұшқын жарқылынан кейін баланы қуатты электр соққысы бірнеше метрге лақтырып жіберген.
"Кішкентай куәгерлер бірден қаза болған баланың ағасына хабарлаған. Ол қайғылы оқиға орнына жүгіріп келіп, жасанды тыныс алдыруға әрекет жасаған, алайда бала соңғы демін ғана алған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қатты электр соққысы оның ішкі ағзаларына зақым келтірген", – делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар мен марқұмның жақындары баланы өте мейірімді, ақылды әрі елгезек бала ретінде еске алды.
Полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп, қауіпті нысандарға жақындауына қатаң тыйым салуға шақырды.
Бұған дейін басына ыдыс көтеріп келе жатқан әйелдінайзағай түсіп, қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 12 қазан 2026
Көкшетауда құрылыс алаңынан жоғалған төрт жасар баланың мәйіті табылды
-
22:25, 12 қазан 2026
Қостанайда жол жиегінен әйелдің мәйіті табылды: күдікті ұсталды
-
21:12, 12 қазан 2026
Қазақстан өңірлік көшбасшы мәртебесін растады
-
21:08, 12 қазан 2026
Қазақстанда ауа райы қолайсыз болады: елдің барлық дерлік өңірінде ескерту жасалды
-
20:41, 12 қазан 2026
СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады





