Коррекциялық кабинеттер мен аутизм орталықтарына қолдау күшейеді
© Фото: pexels
Мемлекет басшысы төртінші Ұлттық құрылтайда ерекше қажеттілігі бар балаларға оңалту орталықтарын ашу туралы тапсырма берген болатын. Енді "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы аясында коррекциялық кабинеттер мен аутизм орталықтарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде шамамен 3 мың арнайы педагог жетіспейді.
Министрлік кадр тапшылығын шешу мақсатында арнайы гранттар санын арттыру және инклюзивті білім беру бағдарламасын тәмамдаған студенттерді кадр ретінде тарту шараларын қабылдауда, деп жазады qazaqstan.tv.
Мамандардың айтуынша, ауыл-аймақтарда осындай орталықтарды ашу аса қажет. Әр баланы оның ата-анасынан артық ешкім түсінбейді, сондықтан ата-аналарды педагог-ассистент ретінде даярлау да қарастырылған.
Қазіргі таңда түзету орталықтарында 6 мыңнан астам бала кезекте тұр.
Жаңа жүйе арқылы қызметке тіркелу жеңілдейді, арнайы ұйымдардың қызметі лицензияланып, көрсетілетін қызметтердің сапасы жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі. Заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:29, 29 қаңтар 2026
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу үшін шешудің жаңа ережелері: қағидалар түсіндірілді
-
14:15, 29 қаңтар 2026
Пәтер сатып аларда нені тексеру қажет: Ақтау прокуроры маңызды мәлімдеме жасады
-
14:04, 29 қаңтар 2026
Алматыда Халықаралық еріктілер жылы аясында 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған
-
13:57, 29 қаңтар 2026
Жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектерді келісім-шарт бойынша әскерге шақыру жоспарлануда
-
13:49, 29 қаңтар 2026
Қазақстан әскерінде жасанды интеллекті бар камералар орнатылуда





