Коронавирустан көз жұмған әйелдің Алматыда қай үйде болғаны белгілі болды

16:21, 27 наурыз 2020

64 жастағы әйел коронавирустан көз жұмды. Ол алдында ғана Алматы мен Шу қалаларында қонақта болып, елордаға оралғаны белгілі болды. Осы факт анықталғаннан кейін Алматыда тағы бір подъезд қоршауға алынып, қаладағы індет ошағының тізімі артты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалау комитетінің мәліметінше, бүгінде мегаполисте коронавирус инфекциясының ошағы саны 24-ке дейін артты.


Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі "Жұлдыз-1" ықшамауданындағы 13-үйдің подъезі қоршауға алынғанын, өйткені онда коронавирустан қайтыс болған әйелмен байланыста болған адамдар тұрғанын айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!