Қорғаста жүк тиелген 20-ға жуық фура өртеніп кетті

15:34, 6 мамыр 2026

© Сурет: Instagram/zharkent.reklam

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы аумағында өрт шығып, 20 жүк көлігі түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанып жатқан көліктердің видеолары әлеуметтік желілерде тарады.

Кейбір кадрларда сөндірілген фуралар бейнеленген. Олардың толықтай жанып, тек темір бөліктері қалғаны көрінеді. Сондай-ақ, маңайда тауарлардың шашылып жатқаны байқалады.

Жетісу облысы ТЖД мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 4 мамырда Қытай аумағында болған. Сол себепті жедел қызметтерге ресми шақырту түспеген.

Ал Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің мәліметінше, өрттен 17 қазақстандық жүк көлігі зардап шеккен. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары Қытай тарапында жүргізілуде.

Сонымен қатар жергілікті билік өрттен зардап шеккен жүргізушілер мен жүк көліктерінің иелері назардан тыс қалмайтынын айтып, оларға құқықтық және қолдан келгенше көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Бұған дейін жазғанымыздай, Ішкі істер министрлігінде Өскемендегі зауыттағы жарылысқа қатысты алдын ала нұсқалар айтылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!