Астанада стоматологиялық клиника кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды
© Сурет: Zakon.kz
Астана қаласында полиция қызметкерлері стоматологиялық клиникалардың бірінде жасалған ақшалай қаражат ұрлығының бетін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анықталғандай, 43 жастағы ер адам медициналық мекеме қызметіне жүгінуші ретінде келген. Бөлмеде адамдардың жоқтығын пайдаланып, ол еркін қолжетімділік арқылы барсетканы жасырын түрде ұрлап, ішіндегі ақшаны алып, кейін оны бұрынғы орнына қайта қойған да, клиникадан шығып кеткен.
"Келтірілген шығын көлемі шамамен 350 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталды. Белгілі болғандай, ол ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанадағы мешіттердің бірінде құны 1 млн теңге болатын күртеше ұрланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:15, 5 мамыр 2026
Атбасар түрмесіндегі азаптауға қатысты атышулы іс: сотталушыларға жаңа айып тағылды
-
22:02, 5 мамыр 2026
Жаңбыр, бұршақ, тұман: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:22, 5 мамыр 2026
Балаларға арналған спорттық секциялар: сот миллиондарды бюджетке қайтаруды міндеттеді
-
20:48, 5 мамыр 2026
Алматы облысының әкімі стендтік атудан Әлем кубогы кезеңінде «алтын» еншілеген Әсем Орынбайды құттықтады
-
20:30, 5 мамыр 2026
Қарағанды облысында құлыптас қойылған ит-мысықтардың зираты қоғамда дау туғызды





