Қорғаныс министрлігі әскери міндеттілерді оқу-жаттығуға шақыруға дайындық жүргізуде
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Қорғаныс министрлігі 2026 жылы әскери міндеттілерді оқу-жаттығуға шақыру туралы бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әскери оқу-жаттығулары – әскери басқару органдары мен мемлекеттік әскери дайындыққа жауапты ұйымдар тарапынан әскери міндеттілер мен азаматтарға әскери білімді алу және жетілдіру мақсатында өткізілетін іс-шаралар. Сонымен қатар, оқу-жаттығулар ҚР заңдарында көрсетілген басқа жағдайларда да ұйымдастырылады.
Министрлік атап өткендей, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери білімді дайындау, қайта дайындау және жетілдіру, әскери міндеттілердің өз қызметтік міндеттерін орындау дағдыларын сақтау, сондай-ақ олардың әскери дайындық деңгейін көтеру болып табылады.
Оқу-жаттығулар 2026 жылғы мамырдан қазан айына дейін өткізілмек.
Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында 10 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға жарияланған.
Еске сала кетейік, 2026 жылы наурыз-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:51, 27 қаңтар 2026
Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды
-
14:23, 27 қаңтар 2026
АҚШ-та қарлы боранда отыз шақты адам көз жұмды
-
14:14, 27 қаңтар 2026
Дәрі-дәрмектерді тіркеуге арналған «бір терезе» пилоттық жобасын ұзарту ұсынылды
-
14:05, 27 қаңтар 2026
Қазақстанда кейбір азаматтар үшін МӘМС жарнасы мемлекет есебінен төленеді
-
13:55, 27 қаңтар 2026
Қазақстандық мұғалім әлемнің үздік ұстаздарының қатарына енді





