Концерт кейінгі шегерілді: Қыдырәлі Болманов аяқ-асты ауруханаға түсіп қалды
© Сурет: бейнежазба скриншоты
Танымал қазақстандық продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов Алматыдағы мерейтойлық концертінің кейінге қалғанын мәлімдеді. Әншінің айтуынша, республика сарайындағы концертті денсаулығына байланысты шегеруге тура келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өнер иесі бұл туралы 2026 жылғы 19 мамырда аурухана төсегінен бейнеүндеу жолдап хабарлады. Оның айтуынша, аталмыш кешке 3,5 мың билет сатылған. Осыған байланысты, ұйымдастырушылар кешті кейінге қалдырмай, әнді орындықта отырып шырқауды ұсынған. Дегенмен, Болманов мұның сахна этикасына жатпайтындығын айтып, үзілді-кесілді бас тартқан.
"Өмір бойы шапқылап, екі аяғымен жүрген адамға креслода отырып, қозғалмай, сахнада, ел алдында ән айту, өте ыңғайсыз, тым күрделі әрі қиын екен. Біз де темірден жаралған жоқпыз. Әрқашан намысты, ұятты алға тартып, денсаулықты бәрінен кейінге, артқа итере саламыз. Шегерудің басты себебі – дәрігерлердің рұқсат етпеуі",- деп жазды әнші.
Республика сарайының тығыз графигіне байланысты мерекелік кешті жақын датаға ауыстыру мүмкін болған. Осылайша, концерт тура бір айға – 2026 жылғы 18 маусымға бекітілді.
Әнші түсіністік танытқан жанкүйерлеріне алғыс айтып, сахнаға жаңа күшпен оралуға уәде берді.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жобасы миллиардтаған қаралым жинағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:40, 12 маусым 2026
Жаңа мемлекет құруға және терроризмге шақырған: ҰҚК экстремистерді ұстады
-
12:27, 12 маусым 2026
Қазақстандықтар ақшасын қалай сақтағанды жөн көреді
-
12:06, 12 маусым 2026
Алматыда ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты Жароков пен Әл-Фарабидегі қозғалыс шектеледі
-
11:42, 12 маусым 2026
Кейбір шешімдерді орындау кезінде ЖСО шығындарын бөлу туралы нормалар Конституцияға қайшы келеді
-
11:25, 12 маусым 2026
12 маусымдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы





