«Қолында тапаншасы бар әскери адам да жүр». Талдықорғанда демалыс орнында төбелес болды

10:55, 16 маусым 2024

© Сурет: freepik

15 маусымда Талдықорғанның демалыс орындарының бірінде оқ атылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram-дағы Taldykorganec.insta парақшасында жарияланды.

"Қолында тапанша. Атысып жатыр", - дейді видео сыртындағы дауыс.

Видеоға пікір қалдырушылардың бірі: "Біздің адамдар осы уақытқа дейін дұрыстап демалу дегенді білмейді. Айналада бала-шаға жүр-ау, ұят болады, не үлгі беріп жатырмыз демейді" деп жазыпты.

Жетісу облысының полиция департаменті бастапқыда тәртіп сақшылары жанжалдың барлық мән-жайларын анықтап, тексеру жүргізіп жатқандарын хабарлады. Кейінірек ПД төбелеске қатыстылардың барлығы ұсталғанын айтып, олардың бірі әскери адам екенін растады.

"Төбелесті бастағандардың анықталғанын хабарлаймыз, олардың бірі - әскери қызметші. Аталған факті бойынша тергеуді әскери-тергеу басқармасы жүргізеді". Жетісу облысы ПД

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!