«Көліктің әйнегіне жұмыртқа лақтырады»: жүргізушілердің үрейін ұшырған қорқынышты оқиғалар
© Фото: unsplash
Қазнетте жолдарда алаяқтар әрекет ететіні туралы ақпарат белсенді таралуда. Күндіз олар жүргізушілер тоқтап, көліктен шығуы үшін жолдың жиегіне балалар креслосын қояды, ал түнде көліктің әйнегіне жұмыртқа лақтырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автордың ақпаратынша, содан кейін жәбірленушіні соққыға жығып, тонап, ауыр халде қалдырып кетеді екен.
Бұл ескерту сенімді болып көрінгенімен, шындыққа жанаспайды.
Stopfake.kz мамандары бұл оқиғаның фейк екенін алға тартады. Ол қазақстандық әлеуметтік желілерге Ресейден, ол жаққа АҚШ-тан келген.
Жалған ақпаратпен күресушілер бірден түсініктеме алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінген.
"Мессенджерлерде тараған жолдың жиегіне қойылған "нәресте" отырған балалар креслосы, сондай-ақ көлікті тоқтату үшін оның алдыңғы әйнегіне жұмыртқа лақтыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды",- деп нақтылады ведомство.
Сондай-ақ, ІІМ әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
"Тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырамыз", – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Бұған дейін Жоғарғы Соттың есірткі сатқаны үшін сотталған қазақстандықты босатқандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 21 қаңтар 2025
Көкшетаудағы ауруханада үш жасар баланың ата-анасы дәрігерлерге шабуыл жасап, қырғын шығарды
-
22:43, 21 қаңтар 2025
Алматыда балаларға күйген картоп жегізген балабақша қызметкерлері сөгіс алды
-
22:13, 21 қаңтар 2025
Жамбыл облысында автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті мас күйінде айдаған
-
21:52, 21 қаңтар 2025
Астаналық оқушылар ертең қашықтан оқиды
-
21:40, 21 қаңтар 2025
Қостанай облысында қару салынған сейфті ұрлап кетті