Көлік жүргізуге арналған медициналық анықтаманы қалай және қайдан алуға болады
© Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 17 қыркүйектегі бұйрығымен көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды медициналық тексеруден өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі жаңа редакцияда жазылды.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші – медициналық ұйымдар қабылдайды. Ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы № 073/у нысанындағы медициналық анықтаманы медициналық ұйымдар ақылы негізде береді.
Анықтама тек электрондық форматта рәсімделеді: ол медициналық цифрлық жүйеге енгізіліп, дәрігердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады. Қызмет алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болса, мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық түрде ала алады.
Портал арқылы құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру үшін азамат медициналық мекемеде тексеруден өтуі қажет. Тексеру нәтижесінде көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама электрондық форматта рәсімделеді.
Медициналық ұйымдарда физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, күту залы және құжат үлгілері қойылған стенд қарастырылуы тиіс.
Бұйрық 2026 жылғы 3 қазанда күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 24 қыркүйек 2026
БАҚ пен әлеуметтік желілердегі балағат сөз үшін жаза: Мәдениет министрлігі жаңа норманы түсіндірді
-
16:54, 24 қыркүйек 2026
Астанада үсік жүреді, Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 25–27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
16:50, 24 қыркүйек 2026
16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге неге тыйым салынуы мүмкін
-
16:47, 24 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
-
16:42, 24 қыркүйек 2026
Ұлытауда XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі басталды





