Көлік министрлігі ақпараттық жүйені пайдалануды 2027 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатты
© Фото: pexels
Көлік министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен 2015 жылғы 26 наурыздағы "Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың бір бөлігінің қолданысы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін қолдану 2027 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылды.
Бұл – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне қатысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды, сондай-ақ олар туралы біріздендірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларына толықтырулар енгізілгені хабарланған еді.
Атап айтқанда, қағидалар техникалық тұрғыдан рұқсат етілген ең жоғары массасы 12 тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған өлшеу станцияларының әрекет ету аймағынан өткен кезде көліктің нақты салмақтық және көлемдік параметрлерін аталған станцияда өлшеуді қамтамасыз етуге міндетті деген тармақпен толықтырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:32, 27 шілде 2026
Алаяқтар қоңырау шалу үшін тағы бір себеп тапты. Қандай сөзден кейін сезіктене беру керек
-
17:18, 27 шілде 2026
Таразда жасөспірім өзінен кіші баланы қуып жүріп сабаған - видео
-
16:56, 27 шілде 2026
ІІМ жоғары оқу орындарына қалай түсуге болады: қабылдау қағидалары жаңартылды
-
16:50, 27 шілде 2026
Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады
-
16:46, 27 шілде 2026
Қай өңір тұрғындары несиені жиі алады





