Көктегі беймәлім нысан: Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бұзу фактісі тіркелмегенін мәлімдеді
© Сурет: видеодан алынды
2025 жылы 5 маусымда түнгі аспанда кетіп бара жатқан ұзын-сонар жарық беймәлім нысан пайда болды. Оны еліміздің әр өңірінің тұрғыны байқап, әлеуметтік желіде түсірген видеоларымен бөлісуде. Осы жайтқа қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігі аспанда белгісіз нысандардың пайда болуына қатысты ақпараттың таралуына байланысты төмендегіні хабарлайды:
"Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді. Азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді".
Бұған дейін 2025 жылы 24 наурызда Челябинскіде ірі метеорит құлағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





