ҚМА барлық қазақстандықтарға шұғыл мәлімдеме жасады
© Фото: АФМ РК
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) 2026 жылғы 15 қыркүйекте алаяқтардың ведомство атынан жалған ресми хаттар таратуын жалғастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттікке осындай алаяқтық әрекеттер туралы ақпарат келіп түскен.
"Мемлекеттік органға жолданған хатта қаскөйлер тексеру жүргізіліп жатқанын алға тартып, азамат туралы мәліметтерді, соның ішінде оның мінездемесі мен өзге де ақпаратты сұратады. Бұған дейін алаяқтар осыған ұқсас тәсілді қолданған. Олар жалған хаттарды жібергеннен кейін азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкері ретінде таныстырған. Түрлі сылтаумен жеке және банк деректерін алуға немесе ақша бопсалауға әрекет жасаған", – деп мәлімдеді агенттік.
Ведомство мына жайттарды еске салды:
- Агенттіктің ресми хаттары тек белгіленген тәртіппен жіберіледі;
- ҚМА қызметкерлері телефон арқылы банк шоттарының деректерін беруді немесе ақша аударуды талап етпейді;
- Құжатта логотип, мөр немесе қолтаңба болғаны үшін ғана оған сенуге болмайды;
- Күмәнді хат келген жағдайда оның түпнұсқалығын агенттіктің ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет.
"Жеке және банктік деректеріңізді бейтаныс адамдарға бермеңіз әрі олардың нұсқауы бойынша ақша аудармаңыз. Күмән туындаған жағдайда ҚМА-ның 1458 нөмірі бойынша Call-орталығына немесе +7 (7172) 70-84-79 телефоны арқылы кезекші бөлімге хабарласыңыз", – делінген хабарламада.
ҚМА азаматтар мен ұйымдарды сақ болуға және алаяқтардың айласына түспеуге шақырды.
Бұған дейін салық органдары да қазақстандықтарды "декларация тапсырылмағаны", "есептіліктен қате табылғаны", "тергеу жүргізіліп жатқаны" немесе "банк шоттары дереу бұғатталатыны" туралы күмәнді қоңыраулар мен хабарламалардан сақтандырған еді. Алаяқтар мұндай тәсілдерді азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізу үшін пайдаланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:06, 15 қыркүйек 2026
Алматыда балықшы көлден оқ-дәрі салынған сөмке тауып алды
-
08:45, 15 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады
-
22:53, 14 қыркүйек 2026
Құзға өрмелеуден Әлем кубогы: қазақстандықтардың нәтижелері
-
22:03, 14 қыркүйек 2026
Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті
-
21:52, 14 қыркүйек 2026
Қазақстанда корей компаниясымен спутник бөлшектерін шығаратын өндіріс хабын құру жоспарланып отыр





