Алматыда балықшы көлден оқ-дәрі салынған сөмке тауып алды
© Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Алматыда балық аулауға барған ер адамның қармағына оқ-дәрі салынған сөмке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 17:30 шамасында Түрксіб ауданынан "102" арнасына хабарлама түскен.
Ер адам қаладағы "Маяк" көлінде балық аулап отырған. Бір кезде қармағы ауыр затқа ілінгенін байқаған. Ол қармақ жібін тартып шығарғанда, ілгекке сөмке ілінгенін көрген. Сөмкені ашып қараса, ішінен патрондар шыққан.
"Оқиға орнына Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу барды. Оқ-дәрілер тәркіленіп, баллистикалық сараптама тағайындалды. Енді мамандар табылған патрондардың шығу тегі мен кімге тиесілі екенін анықтауы керек", – деді полиция департаментінің өкілдері.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақ жасырылған орындар әлі де анықталып келеді. Соңғы рет мұндай жасырын қоймалар Шымкент пен Петропавлдан табылды. Полиция ол жерлерден мылтықтар, шолақ мылтықтар, тапанша, оқ өткізбейтін кеудеше және оқ-дәрілер тәркіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
08:45, 15 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады
-
22:53, 14 қыркүйек 2026
Құзға өрмелеуден Әлем кубогы: қазақстандықтардың нәтижелері
-
22:03, 14 қыркүйек 2026
Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті
-
21:52, 14 қыркүйек 2026
Қазақстанда корей компаниясымен спутник бөлшектерін шығаратын өндіріс хабын құру жоспарланып отыр
-
21:33, 14 қыркүйек 2026
Енді Kaspi.kz-те ЖҚЕ бұзудың видеосын көруге болады





