КҚК-ға жасалған шабуыл салдарынан желтоқсанда Қазақстан мұнай экспорты төмендеді

21:41, 13 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

Желтоқсан айында Қазақстанда Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту көлемінің уақытша төмендеуі тіркелді. Бұл туралы 13 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство нақтылағандай, жеткізілім көлемінің қысқаруы ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылынан кейін ВПУ-3 алыстатылған айлақ құрылғысының жұмысы мәжбүрлі түрде тоқтатылуына, сондай-ақ Қара теңіз акваториясындағы қолайсыз ауа райына, оның ішінде дауылдарға байланысты болған.

Мұнай өндірудің тоқтап қалуына жол бермеу және сыртқы факторлардың әсерін барынша азайту мақсатында Энергетика министрлігі экспорттық ағындарды қайта бөлген. Мұнай көлемінің бір бөлігі балама бағыттарға қайта бағдарланған.

Атап айтқанда, Атырау – Самара бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемі артты, сондай-ақ Қытайға жеткізілімдер көбейді. Ал өзге экспорттық бағыттар бойынша тасымалдау көлемі орташа жоспарлы көрсеткіштер деңгейінде сақталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!