Энергетика министрлігі Қара теңіздегі танкерлерге қатысты жағдайға түсінік берді

21:15, 13 қаңтар 2026

© Сурет: zakon.kz

Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында, КҚК теңіз терминалы маңында қазақстандық экспорттық мұнайды тасымалдауға қатысқан екі танкерге қатысты оқиғалар болғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, Мальта туы астында жүрген, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы жалға алған «Matilda» танкері ұшқышсыз ұшу аппаратының (БПЛА) шабуылына ұшыраған. Кеме бортында жарылыс тіркелгенімен, өрт болған жоқ. Экипаж мүшелері арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала техникалық бағалау нәтижесіне сәйкес, танкердің жүзу қабілеті сақталған, корпусында аса қауіпті зақымдар анықталмаған.

Сондай-ақ Либерия туы астындағы «Delta Harmony» танкері де жүк тиеуді күтіп тұрған кезде БПЛА шабуылына ұшыраған. Оқиға салдарынан өрт шыққанымен, ол жедел түрде сөндірілді. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Оперативтік штабтың дерегінше, оқиға болған сәтте танкерге мұнай тиеу басталмаған, жүк танктері бос болған. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының экспорттық ресурстарына залал келтірілмеген.

ҚР Энергетика министрлігі қазір «ҚазМұнайГаз» ұлттық операторымен, консорциум әкімшілігімен және кеме иелерімен бірлесіп, логистикалық тізбектердің қауіпсіздігін және экспорттық жеткізілімдердің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!