Қ.Қасымов: Пойыз машинисті қамауға алынған жоқ

12:47, 19 маусым 2018

ҚР Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жамбыл облысындағы жолаушылар пойызы машинистінің қамауға алынғаны туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Қамауға алды деп кім айтты? Бұл нағыз жалған ақпарат, оны тергеп, сосын жібере салды", - деді ҚР Ішкі істер министрі.

Оның айтуынша, машинист кінәлі ме жоқ па, ол тергеу кезінде анықталады.

"Бұл қылмыстық іс қой. Сараптама жүргізіледі, мұның жауабын қазір ешкім айта алмайды", - деді Қ.Қасымов.

Өз кезегінде, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр ешкімнің қамауға алынбағанын айтты.

"Жоқ, ешкім қамауға алынбады. БАҚ құралдары осы мәселеге баса назар аударатындығын ескерсек, менің ойымша, кінәліні іздемейтін болар", - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!