Кімдер амнистия бойынша босатылуы мүмкін – ІІМ түсіндіріп берді
© Фото: pexels
2026 жылғы 6 мамырда Ішкі істер министрлігі кулуарында ІІМ вице-министрі Санжар Әділов қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа қатысты алдын ала ұстанымдар туралы айтып, сондай-ақ оған ілікпейтін азаматтар санатын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, рақымшылық бойынша жұмыс әлі де жалғасып жатыр, қазіргі уақытта қылмыстық рақышылыққа қатысты жұмыс тобы алдын ала тәсілдерді әзірлеген.
"Ең алдымен қылмыстық жауапкершіліктен тергеу сатысында жүрген, онша ауыр емес қылмыс жасаған, қылмыстық теріс қылыққа барған, сондай-ақ орташа ауыр қылмысты келтірілген зиянсыз жасаған тұлғалар босатылады. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында отырған, онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған, бірақ залалды өтемеген сотталғандар да босатуға жатады", – деді Санжар Әділов.
Сонымен бірге ол рақымшылық келесі санаттағы адамдарға қолданылмайтынын атап өтті: экстремистік және террористік қылмыс жасағандар, азаптауға барғандар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін сотталғандар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағандар, сондай-ақ сырттай сотталғандар.
Бұл ретте, ол жазасының соңғы бір жылы қалған сотталғандарға да амнистия қолданылуы мүмкін екенін айтты.
Әкімшілік амнистияға қатысты ол ведомствоаралық жұмыс жалғасып жатқанын және келесі аптада нақты ұстанымдар жарияланатынын айтты.
Сонымен қатар ол Қазақстанда әкімшілік профилактика субъектілері 70-тен астам мемлекеттік орган екенін, оның ішінде 15 мемлекеттік орган өз құзыреті аясында амнистия қолдануға қатысты ұсыныстар бергенін атап өтті.
Журналистер әкімшілік рақымшылық аясында айыппұлдар, соның ішінде жылдамдықты асыру бойынша салынған айыппұлдар кешірілуі мүмкін бе деген сұрақ қойған. Бұл жөнінде ол әзірге нақты тәсілдер әзірленіп жатқанын, түпкілікті шешім Парламентте талқыланатынын айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:11, 6 мамыр 2026
Тоқаев бір топ азаматқа мемлекеттік награда мен әскери шен тапсырды
-
15:11, 6 мамыр 2026
Президент мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
-
15:11, 6 мамыр 2026
ІІМ Алматыдағы екі жасөспірімнің қазасына қатысты пікір білдірді
-
15:04, 6 мамыр 2026
Резонанс тудырған Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі қазір қайда
-
14:57, 6 мамыр 2026
Швейцариялық ұшақ Қазақстан аспанында дабыл белгісін беріп, Алматыға шұғыл қонды





