Ақмәди Сарбасов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

11:01, 11 сәуір 2025

© Сурет: gov.kz

Ақмәди Сарбасов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 11 сәуірде Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Ол бұл қызметті 2020 жылдың маусымынан бері атқарып келді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!