Қытайда некені тіркеудегі ережелер жаңартылды
© Сурет: pixabay
Қытайда неке қию ережелері жеңілдетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Xinhua News Agency басылымының жазуынша, бұл ел тұрғындарын үйленуге ынталандыру үшін жасалды. Мәселен, жаңа ережелерде құжаттар тізімі оңайлатылған. Енді отбасын құру үшін келесі мәліметтер жеткілікті:
- жеке куәлік;
- қолданыстағы некенің болмауы туралы өтініштер;
- үш ұрпақта жақын туыстық байланыстардың жоқтығы туралы мәлімдемелер.
Бұған дейін жұптар үй шаруашылығын тіркеу кітаптарын алып келуі керек еді. Сонымен қатар, енді некені тіркеу үшін міндетті түрде тұрғылықты мекенжайға барудың қажеті жоқ.
Өзгерістер 2025 жылдың 10 мамырынан бастап күшіне енеді. Бұл ретте, неке ережелері елде 2003 жылдан бері өзгермеген.
Билік жаңа ережелер уақытты үнемдеп, шаңырақ көтерудегі шығындарды азайтатына сенімді. Себебі, көптеген азаматтар тұрғылықты жерінен тыс аймақта жұмыс істейді және тек некені рәсімдеу үшін өз қалаларына барудан бас тартып жатады.
Сарапшылар отбасы құры санының төмендеуін неке жасындағы халықтың азаюымен, қарым-қатынас туралы көзқарастардың өзгеруімен және отбасын құрудағы шығындардың өсуімен байланыстырды.
Бұған дейін Қытайда некеге тұру деңгейі күрт төмендегені жайлы жазған болатынбыз. Сонымен қатар, жас қыздардың отбасын құрудан неге қашатындығына дәйектер келтірілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:28, 16 сәуір 2025
Трамптың жаңа жарлығы алтын бағасының өсуіне айтарлықтай әсер етті
-
11:49, 16 сәуір 2025
Румынияда ежелі тайпаның құнды жәдігерлері табылды
-
09:53, 16 сәуір 2025
Трамп АҚШ Әділет министрлігінің қызметкерлеріне желіде белсенділік танытуына тыйым салды
-
13:44, 15 сәуір 2025
Трамп Украинадағы соғыстың басталуына 3 адамды кінәлады
-
13:19, 15 сәуір 2025
Жерде бір тәулікке созылатын магниттік дауыл жүреді
Танымал жаңалықтар
-
15:55, 17 сәуір 2025
-
15:11, 17 сәуір 2025
-
19:08, 17 сәуір 2025
-
18:42, 17 сәуір 2025
-
20:30, 17 сәуір 2025
-
18:22, 17 сәуір 2025
-
14:30, 17 сәуір 2025
-
19:33, 17 сәуір 2025
-
19:51, 17 сәуір 2025
-
20:51, 17 сәуір 2025
-
23:12, 17 сәуір 2025
-
22:42, 17 сәуір 2025
-
14:30, 17 сәуір 2025
-
21:59, 17 сәуір 2025
-
16:30, 17 сәуір 2025