«Түрлерін жаттап алыңыздар!». Полиция интернет-алаяқтардың суреттерін көрсетті

19:57, 11 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

Абай облысының полиция департаменті ел азаматтарының қаражатын алдап-арбау жолымен қолды қылу ниетінде әрекет ететін алаяқтардың видеоқоңырау кезінде түсірілген суреттерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскөйлердің суреттері Абай облысы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Құрметті азаматтар, абай болыңыздар! Олардың түрлерін есте сақтап алыңыздар, олар - алаяқтар! Скриншоттарда отандастарымызды алдамақ болған бейнеқоңыраулардың сәттері көрсетілген. Алаяқтардың айласына түспеңіз" делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау орандары өкілдері жеке деректерді, SMS арқылы келген кодтарды, банк шоттарыңыз туралы мәліметтерді бөтенге беруге болмайтынын қатаң ескертеді.

"Жақындарыңызды ескертіңіз! Әсіресе, мұндай алаяқтықтың құрбанына жиі айналатын - қарт адамдарға", делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!