Колледж түлектеріне ҰБТ тапсыру кезіндегі кейбір жайттар еске салынды

19:36, 11 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК (ҰТО) бүгін, 2025 жылғы 11 сәуірде колледж түлектеріне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларға 2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсыратынын, ал КТА деген атаудағы тестілеу жоқ екені тағы да еске салынды.

"Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2025 жылғы 12-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі". ҰТО

Тестілеу орталығы колледж түлектеріне мына маңызды даталарды жаттап алуға кеңес берілді:

  • 12-18 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;
  • 19-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.

ҰБТ өткізу мерзімі: 2025 жылғы 16 мамыр – 5 шілде. Сіздер үшін таңдауға 5 күн ұсынылады:

  • 30 мамыр;
  • 4 маусым;
  • 9 маусым;
  • 12 маусым;
  • 16 маусым.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту ПУНКТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

ҰБТ-ға қатысу құны – 5 640 теңге (бір мүмкіндік).

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде колледж түлектері тестілеуді екі рет тапсырып, екі сертификаттың біреуімен (ең үздік нәтижемен) білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!